Оқушылар алған білімдерін емтиханда дәлелдеп лайықты бағаларын алды

2022 ж. 17 шілде

Оқушылар алған білімдерін емтиханда дәлелдеп лайықты бағаларын алды

Түркістан облысы. Төлеби ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Төлеби аудандық балалар саз мектебі Бiрiншi Мамыр ауылындағы Мәдениет үйінде, Төлеби аудандық балалар саз мектебі филиалында оқушыларға домбыра, дәстүрлі ән, фортепиано, би, аккордеон мамандықтары бойынша сыныптан сыныпқа көшу емтиханы өткізілді. Жалпы саз мектебінің өрендері бүгінде облыстық, республикалық байқауларда жеңісті орындардан көрініп жүр. Қанжығалары бос қайтқан кезі жоқ. Мектептегі білімдерімен қатар өнерді де өздеріне серік етіп жүрген жас өрендердің алар асуы әлі алда. Бәлкім Димаштай әлемді аузына қаратар таланттар ауылдарда жүрген шығар.

Оқушылар алған білімдерін емтиханда дәлелдеп лайықты бағаларын алды. Емтихан өз деңгейінде өтті.