Оқушылар Ақсу-Жабағылы қорығының музейіне саяхат жасады
2022 ж. 11 шілде

Пандемияға орай тоқтап қалған жазғы мектеп жұмысы биыл жанданды. Облыстың түкпір түкпіріндегі мектеп жанынан ашылған жазғы мектептерде оқушылар пәндік білімдерін жетілдіріп, әрі түрлі шараларға қатысып қызықты өткізді. Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде жазғы мектепке 13 сынып қамтылды. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізілуде. 4-сынып оқушыларымен Ақсу-Жабағылы қорығының музейіне саяхат жасады. Оқушылар өлке тарихымен танысып, түрлі жәдігерлерді қызықтады. Тарих пәні үшін өлке тарихымен танысудың көп көмегі тиері сөзсіз. Қорықтағы аң құстардың түрлері, олардың мекен ету териториясы жайлы мәліметтерге қанықты. Ал 8-сынып оқушылары арасында "Толағай" байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаз топтар марапатталды. Алдағы уақытта да түрлі жоспарланған іс-шаралар жалғасын табады.