«Оқуға құштар мектеп» жобасы сәтті жүзеге асырылуда
2022 ж. 14 шілде

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынғандығы баршамызға аян. Бүгінде кітап оқуға құмарлық кемшіндеп кеткені аян. Аталмыш жоба дер кезінде қолға ылынып отыр. Аталған жоба мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдық-мәдени дамуына, рухани кемелденуіне жол ашады. Аталған мақсатқа жету жолында жас оқырмандар алдына бірнеше міндеттерді жүктейді. Ол оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, ең бастысы кітапты оқуға құштарлығын шыңдау болып табылады. Оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру жолында көркем әдебиетті оқу арқылы тіл тазалығын сақтап, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын ояту басты нысана болары белгілі. Жуырда Түркістан облысында “Оқуға құштар мектеп” ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында педагогтер мен оқушылар арасында “KitapХАН@“ кітап оқу облыстық жобасы сәтті ұйымдастырылды. “KitapХАН@“ облыстық жобасы “Оқуға құштар мектеп” жобасының кітап оқумен оқыту механизмі бола алды. Педагогтер тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, кітап оқуға мотивация берген KitapХАН@ жобасына күзден бастап ата-аналарды да тартып, бұқаралық сипатқа (Оқуға құштар ұлт) айналдыру жоспары бар. Жобаға атсалысқан серіктес баспалар мен демеушілерге зор алғыс білдірілді.