Оқуда озат, спортта жүлдегер...
2022 ж. 5 шілде

Оқуда озат ұланның өзге де таланттары мол болатыны сөзсіз. Мұсан Ерасыл осындай дарынның бірі де бірегейі.
Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында грек-рим күресінен жуырда ғана өткен жарысқа Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы 19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің 9"Б"сынып оқушысы және қаланың спортшысы Мұсан Ерасыл қатысып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жастайынан спортқа деген қызығушылығы мол,бойында кішіпейілділік,адамгершілік,қарапайымдылық қасиеті бар жасөспірім мектептегі спорттық жарыстар мен сайыстарға да уақыт тауып қатысатын. Оқуда озат Мұсан Ерасылды мектеп ұжымы,сыныптастары және ата-аналары жоғары бағалайды. Құрлық чемпионатынан күміс жүлдегері атанған ұлан ,алдағы уақытта әлем чемпионы болатыны сөзсіз.