Оқу жылындағы игерілген білімдерін пысықтайды
2022 ж. 6 шілде

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық адами әлеуеті дамыту бөліміне қарасты №6 Ж Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Балдырған» сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты болып өтті. Аталған іс-шарада мектеп директоры Тагаева Лазакат Сейдалиевна балаларды өткен мерекелерімен құттықтап, лагерь алаңынындағы қызықты күндерді жақсы өткізуіне тілек білдірді.
Айта кететіні, мұнда балалар тек демалып қана қоймай, жан-жақты дамып, білімдерін арттырады. Пән мұғалімдері өз сабақтарын түрлі интеллектуалды жарыс, эстафета және тақырыпқа сай қойылым түрінде өткізіп, оқу жылындағы игерілген білімдерін пысықтайды. Әр күнге бекітілген жоспарға сай тренинг және балалардың ойымен шығармашылығын дамытатын ойындар ұйымдастырылады.
Жазғы лагер жұмысы осылайша балаларға керемет демалыс сыйлап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосуда.