Оқу және тәрбие белсенділігін анықтау мақсатында рейтинг жүргізілді
2022 ж. 16 шілде

Бүгінде Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде студенттердің білімі мен тәжірибесін арттыру үшін түрлі іс шаралар ұйымдастырылып отырады. Олардың теороиялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыруға барынша жағдай жасалынған. Білімді жастар еліміздің әртарабында бүгінде жемісті еңбек етіп жүр. Колледж базасында оқушылар дың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар легі жалғасуда. Жуырда студенттердің ісінің танымдық, оқу және тәрбие белсенділігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған рейтинг жүргізілген болатын. Аталмыш рейтинг нәтижесі бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен үздік деп танылған 8 оқушы студенттер кәсіподақ ұйымының есебінен Алматы қаласына екі күнге саяхатқа барып қайтты. Бұл үрдіс білім алушыларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрге айналған.