Оқу сабағын өткізу мәселелері туралы құнды ақпараттарымен бөлісті
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысына қарасты Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және оқыту әдістемелері мен педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімді қолдану мақсатында "Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру" тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Нұрмышев пен "Зооветеринарлық арнайы пәндер" кафедрасының меңгерушісі мен арнайы пән оқытушылары қатысты. Семинар барысында А.Янгитилавова - арнайы пән оқытушысы: "BOPPPS технологиясын арнайы сабақ жоспарын әзірлеуде қолдану" тақырыбында баяндама жасап, BOPPPS моделі бойынша сандық технологияларды қолдана отырып, оқу сабағын өткізу мәселелері туралы құнды ақпараттарымен бөлісті.