Нәтижелі еңбектің жемісі

2022 ж. 17 шілде

Нәтижелі еңбектің жемісі

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері биылғы оқу жылында сүбелі жетістіктерге жетті. Оқушылардың республикалық пән олимпиадасында Жыланбұзған жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Махаматбек Дияра 3 орын, мұғалімі Көпбосынова Гүлнар. Республикалық Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша байқауда Ақбастау жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қасымбек Шұғыла 3 орын, мұғалімі Құттыбаева Гүлби. Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуында 1 мектеп-гимназиясының 11сынып оқушысы Сәрсенбай Архат 3 орынды иеленді. Мұғалімі Турабаева Эльмира. Оқушыларды осындай жетістікке жетуіне ықпал етіп, дайындаған ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.