Нәтижелі еңбек

2022 ж. 30 маусым

Нәтижелі еңбек

Жас өскіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін бар күшін сарп етіп жүрген ұстаздар қауымының еңбегі адал расында. Пәндік сабақтарға дайындалып, оқушылары жетістікке жетсе екен деп күні түні тыным таппаймын мұғалімдердің төккен тері ақталатыны да бар. Расында нәтижелі еңбектің жемісі тәтті болмақ. Түркістан облысына қарасты


Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері биылғы оқу жылында сүбелі жетістіктерге қол жеткізді. Оқушыларының қандай да бір биіктікті бағындырса ол ұстаздың абыройы, мерейінің үстем болғаны.

республикалық пән олимпиадасында Жыланбұзған жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Махаматбек Дияра 3 орын, мұғалімі Көпбосынова Гүлнар. Республикалық Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша байқауда Ақбастау жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қасымбек Шұғыла 3 орын, мұғалімі Құттыбаева Гүлби. Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуында 1 мектеп-гимназиясының 11сынып оқушысы Сәрсенбай Архат 3 орынды иеленді. Мұғалімі Турабаева Эльмира. Оқушыларды осындай жетістікке жетуіне ықпал етіп, дайындаған ұстаздары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

мектепке дейінгі және орта білім комитетінің және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.