«Үндестік заңы» тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстары орындалды
2022 ж. 7 шілде

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінен қазақ тілінен Орта (В1) деңгейі бойынша топ құрамы ашылып, оқу бағдарламасына сәйкес күнтізбелік сабақ жоспары бекітілді. Шілде айының 7-сі күні орталық қызметкерлерімен алғашқы сабақ жүргізілді. Сабақ барысында «Сәлем – сөздің анасы» лексикалық тақырыбы және «Үндестік заңы» грамматикалық тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстары орындалып, қызықты логикалық сұрақтар қойылып, оқылым, айтылым бөлімдері қамтылды. Қазақ тіліндегі ең маңызды дыбыстық ерекшелік үндестік заңы екені белгілі. Тіл дыбыстарын зертеушілердің барлығы қазақ тілінде дауысты дыбыстар үндестігінің екі түрі-еріндік және тіл қатысы жағынан үндестігі- кездеседі дейді. Жуанды-жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздерде ғана кездеседі деп Ақанов «Тіл білімдерінің негіздері» кітабында, кейін қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін зерттеген Едуард Важда “Kazakh phonology” мақаласында да жазады. Оқытушылар үндестік заңы туралы тағы да басқа деректер келтіріп, сабақты қызықты етіп өткізе білді. Курс тыңдаушыларына аталған тақырыпты ашып көрсетті. Сабақтың мақсаты - тыңдаушылардың қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру және де сөздік қорларын дамыту болып табылады. Білімді де білікті оқытушылардан сабақ алған курс тыңдаушылары мемлекеттік тілді толыққанды түсініп, тереңірек біліп жатқандарына қуанулы екендіктерін жеткізді.