«Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен жарыс өтті
2022 ж. 11 шілде

Мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін бүгінде түрлі жарыстар, іс шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай шаралардың пайдалы тұстарынан бөлек бала денсаулығын нығайтуға да қосар үлесі қомақты. Одан бөлек, оқушылардың жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуіне де жол ашады. Жуырда «2022 жыл Балалар жылына» орай «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен Түркістан облысына қарасты Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылындағы ашық спорт алаңшасында кіші футболдан аудандық жарыс болып өтті. Жарысты өткізудегі мақсат - жасөспірімдерді жаман жолға түсуінің алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Жарысқа қатысушылар қатары көп болды. Балалар салауатты өмір салтын ұстануға деген құлышыныстары ерек екенін байқатты. Оларға нашақорлықтың зияны туралы толыққанды ақпаратберілді.