Мұражай қызметкерлері жаңа әліпбиді үйренді
2022 ж. 16 шілде

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Өркениет көшінен қалмай жаһанданудың жалына жармасу. Латын әліпбиіне көшу қандай да бір өзге тіл мен оның жазуын теріске шығару емес, бұл біріншіден, қазақ алфавитіне реформа жасап, оны жаңғыртуға бағытталған. Жаңа әліпбидің артықшылықтары көп. Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіте отырып, қазақ тілінің мәртебесін әлемдік аренаға жеткізуге жол ашты. Осы тұста қазақ тілінің халықаралық мәртебесін көтеру - біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлемге тарыдай шашырап кеткен қазақтарды біріктіретін өте маңызды фактор. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және ол әлеммен бірлесуге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Ал қазақ тілін жаңғыртудың басты белгісі - ол латын жазуына көшу болып табылады. Латын жазуына көшудің нақты жолдары белгіленді. Еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуі тиіс. Себебі латын жазуы адамзаттың дамуындағы мықты жазулардың бірі. Ол ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың тілі. Осы орайта Түркістан облысында да аталмыш жаңа харіпке көшу үшін қарқынды жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Баймаханова Айжан қазақ тілінен В1 орта деңгейі бойынша сабақ өтілді. Өтілген сабақтың Тақырыбы «Латын әліпбиі – өркениет жолы» деп аталады. Тыңдаушылар Нәзір Төреқұлов мұражайы және С. Ерубаев мұражайының қызметкерлері болды, Олар жаңа әліпбидің үйрену өте оңай екенін жеткізді.