«Мәміле» клубы кезекті сабағын өткізді

2022 ж. 6 шілде

«Мәміле» клубы кезекті сабағын өткізді

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық Тілдерді оқыту орталығының жанынан ашылған «Мәміле» клубы кезекті сабағын «Яссин» медициналық орталығы қызметкерлерімен өтті. Орталықтың қазақ тілі пәні оқытушысы «Қазақ халақының мақал-мәтелдері мен фразеологизмдері» атты тақырыпта «Жұлдызды сәт» форматында жарыс сабақ өткізді.

Қазақ тілін тереңдете оқып жатқан тіл үйренушілерге тұрақты тіркесті қолдану ерекшеліктері түсіндірілді. Өйткені тілді терең түсінген адам ғана тұрақты тіркестің мәнін ұға алады. Фразеологизмдер де мағына күміс оймен көмкеріліп беріледі. Сонымен қатар кейбір тұрақты тіркестердің артында шынайы суреттер, өмірлік жағдаяттар жатады. Тұрақты тіркестерді қолданған адам оны құрастырып отырмайды, қажет кезде сананың терең қатпарларынан алып, дайын күйінде қолданады. Сондықтан болар, тіл үйренушілер тілдік қорын тұрақты тіркестермен молайтқаны дұрыс.

Оқытушы тіл үйренушілерден түрлі жағдаяттарда қолданатын тұрақты тіркестерін сұрап, мақал-мәтелдерді ретімен орналастыру арқылы тақырып аясында жаңа білімді бекітті. Сонымен қатар диалогтік алаңның қатысушылары «Отан», «Отбасы» тақырыптарында мақал-мәтел айтудан сайысқа түсіп, тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.