Министр мектеп кітапханашысына алғыс айтты

2022 ж. 11 шілде

Министр мектеп кітапханашысына алғыс айтты

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат аймағамбетов Түркістан облысына іс сапармен келген болатын. Осы сапар барысында жұртшылықпен кездесу өткізбес бұрын министр Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен танысып шықты. Ауыл мектептерінің бүгінгі ахуалы, жәй-күйімен танысты. Мектептердегі асхана, шаберхана, оқу кабинеттері, спорт залдарды аралап көрді. Заманауи жабдықталған оқу кабинеттеріне оң бағасын берді. Министрдің назарынан мектеп кітапханалары да тыс қалған жоқ. Асхат Аймағамбетов мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғыс айтты. Жоба бойынша тыңғылықты жұмыс атқарып жатқан мектеп кітпахнашысы осылайша министр мырзаның ыстық ықыласына бөленді. Аталмыш жобалардың өзге мектептерде қалай жүзеге асырылып жатқандығымен те танысып шықты. Ол бойынша алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Түркістан облысындағы аудан, ауылдардағы мектептердің біразын министр тағы да аралап көретін болады.