Мұғалімдер кәсіби шыңдауда

2022 ж. 17 шілде

Мұғалімдер кәсіби шыңдауда

“Көркем еңбек пәні бойынша білім беру процесін жобалау және жүзеге асыру” жобасы бойынша мұғалімдер біліктілігін арттырып, кәсіби дамуын шыңдауда. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалында біліктілік жетілдіру курсы өткізілуде. Осы мақсатта мұғалімдер оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашуы, оқудағы ерекшеліктерді түсінуі , көптеген тәсілдердің , мінез-құлық және дағдының , қызығушылық және оқыту амалдарының болатынын жете түсінуі табысты оқытуға апаратын төте жол.Жобаның өзіндік шығармашылық жұмыс екені белгілі . Ендеше оқушыларды өзгермелі өмірге дайындаудағы шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы білім алушының қызығушылығы болып табылады.