Мерекелік іс-шара болып өтті

2022 ж. 6 шілде

Мерекелік іс-шара болып өтті

Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық Қазыбек би ауылдық округінде орналасқан «Айқыз ана» балабақшасында «Бала - біздің болашағымыз» атты бүлдіршіндердің қуанышын еселей түсетін мерекелік іс-шара болып өтті.

Мерекелік іс-шараға Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова және кеңес мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының мамандары, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің мамандары Жанар Сағынтаева, Роза Уразматова, ата-аналар мен бүлдіршіндер қатысты.

Мерекелік іс-шараға келген қонақтар сөз алып бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтады. Балалар мемлекеттік тіл туралы тақпақтарын айтып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс – шарада балабақшаның бүлдіршіндері концерттік бағдарлама қойып өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік жиынға келген балаларға демеушілер есебінен оқуға қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар мен сусындар үлестірілді.