Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің басты факторы
2022 ж. 6 шілде

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Осы орайда, Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында жеке нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттерде тілдік дискриминицияға жол бермеу, құжаттарды рәсімдеу кезінде азаматтарға мемлекеттік тілде толық әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында қаладағы нотариустар арасында мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне қатысты ақпараттық түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.