Мектептің абыройын асқақтатты

2022 ж. 16 шілде

Мектептің абыройын асқақтатты

Кез-келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас ұрпақ - болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату - мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық адами әлеуеті дамыту бөліміне қарасты №6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері ұстаздарының әрдайым мерейін асырып жүреді. Озат оқушылары да, жеңімпаз да жүлдегер де оқушылары көп. Биылғы да мектеп бітіруші түлектер ұстаздарының абыройын асырды. Мемлекеттік емтиханның қорытындысы бойынша Әшірәліұлы Бейбарыс, Шалдарбек Абылайхан Шакенұлы, Рақымжанова Ақерке Маратқызы, Ибрагим Аяулым Нурланқызы "Алтын белгі" иегерлері атанса, Абылкасимова Аида Бахытқызы, Нұрмұханбет Үміт Мұхаметжанқызы, Тұрғанбай Жұлдыз Қанатқызы, Бейсен Сапар Нуржанұлы, Жиенбаева Мөлдір Нурмаханқызы. «Үздік аттестат" иегерлері атанып, алтын ұя мектептерінің абыройын асқақтатты. Бұл ұстаздар мен ата - аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз.