Мектепте даңқ мемориалы ашылды

2022 ж. 17 шілде

Мектепте даңқ мемориалы ашылды

Өз отанын, елін туған жерін сүю, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып жас ұрпақты туған елін қорғап Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата бабаларымыздың ерлігін қастерлеп, ата-бабаларымыздың есімін қастерлеп, рухын көтеру баршамызға парыз. Бүгінгі күні , Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Көксәйек елді мекенінде орналасқан М.Х. Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Отан үшін отқа түскендер" атты даңқ мемориалының ашылу салтанаты өтті. Даңқ мемориалын ашып беру рәсімін аудан әкімі Төлеген Төртайұлы Телғараев мырзаға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров мырзаға, аудандық ардагерлер кеңесінің төрәғасы Шыңғысбаев Әтірхан ағамызға, Көксәйек ауыл округы ардагерлер кеңесінің төрәғасы Мәмбетқұлов Сыдық ағамызға берілді. Өшпес ерлікті нышандайтын мәңгілік алау тұтату құрметі, Түркістан облысы әскери ардагерлер ұйымының төрағасы, Серікбай Оңбаев мырзаға берілді. Және іс- шарада Төлеби ауданының саз мектебінің ұлт аспаптар оркестры, және облыстық әскери оркестры, және т.б өнерпаздар өнер көрсетті.