Мектепке дейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысын ротациялау басталды
2022 ж. 14 шілде

2022 жылдың 12 шілде күні Түркістан облысына қарасты «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә.Момбеков «Балапан» бөбекжай - балабақшасы» және «Балдырған» бөбекжай - балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының басшыларын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 11 қарашадағы №559 бұйрығының 1 тарау 3 тармағы бірінші басшыларды ротациялау Заңның 44-бабы 5-1 тармағының 2 - абзацына сәйкес бірінші басшының білім беру ұйымындағы лауазымында болуға рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі жеті жылдан және одан да көп жыл қызметте болған бірінші басшыларды ротациялады.
Бөлім басшысы «Балапан» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұжымына Үмбетбаева Жанар Оңғарбайқызын, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұжымына Әмірқұлова Гүлнар Әмзеханқызын таныстырып, алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тілеп, тағайындалған екі меңгерушінің абыроймен еңбек етуіне сенім білдірді.
Үмбетбаева Жанар Онғарбайқызы Шымкент қаласында 1967 жылдың 23 қыркүйегінде дүниеге келген. 1986 жылы Алматы қаласы, Мемлекеттік қыздар Педагогикалық Институтында «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 1990 жылдан М.Шаханов атындағы мектепте даярлық тобының тәрбиешісі қызметінен бастап, 1992 жылы Арыс қаласында «Айгөлек» бөбекжай - балабақшасында тәрбиеші болып, 1994 жылы «Бүлдіршін» балабақшасында жұмысын жалғастыра келе, 2003 жылы «Ақнұр» балабақшасының санаторлық тобында жұмыс жасаған. 2008 жылы «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында педагог-психолог қызметін қоса атқарып, 2011 жылы «Балдырған» бөбекжай балабақшасында меңгеруші болып қызмет атқарып келді. Жалпы еңбек өтілі мен педагогикалық еңбек өтілі 29 жыл, оның ішінде осы балабақшадағы еңбек өтілі 12 жыл
Әмірқұлова Гүлнар Әмзеханқызы Арыс қаласында 1965 жылы 03 сәуірде дүниеге келген.1985 - 1989 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қыздар Мемлекеттік Университетінде «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 1989-1998 жылдар аралығында «Айгөлек» бөбекжай - балабақшасында аға тәрбиеші болып бастады. 2005-2006 жылдарында қаладағы «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» КММ, 2006-2015 жылдары «№11 Арыс» бөбекжай - балабақшасында меңгеруші, 2015 жылы «Балапан» бөбекжай-балабақшасында меңгерушілік қызметін атқарып келді. Жалпы еңбек өтілі мен педагогикалық еңбек өтілі 26,7 жыл, оның ішінде осы балабақшадағы еңбек өтілі 7 жыл.