Мектеп ұжымы жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдірді

2022 ж. 17 шілде

Мектеп ұжымы жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдірді

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ұйымшыл шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектебіміздің қызметкері, мектеп қарауылы Төлебаев Нұрғали Байшуақұлына зейнет жасына толуына орай құрмет көрсетіп, "Бейнет түбі-Зейнет" атты іс шара өткізілді. Нұрғали мырза Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Кәсіподақ төрағасы Раджу Сайлауұлының мадақтау қағазымен марапатталды. Және де мектебіміздің Алғыс хатымен марапатталды. Мектептің ұжымы жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдірді. Мектебіміздің ардагері өзіне көрсетілген құрметке алғыс айтып, сала жұмысының алға басуына тілектес екендерін білдірді. Оқушыларға терең білім алып, сабақты жақсы оқып, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ететін мықты азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді.

Қызметкеріміздің еңбегіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ, алдағы күндерде тек бейнеттің зейнетін көрсін, –деп мектебіміздің директоры Торехан Байдибеков іс шараны аяқтады.