Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің маңыздылығы
2022 ж. 29 шілде

Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. әрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына саймектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайынәдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндетімектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Тәрбие мен білімнің алғашқы діңгегі мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан — жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Сабақта жаңатехнологияларды тиімді пайдалану балалардың сабаққадеген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі — жан — жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол
жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз қажет? Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет.Біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі- білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп отыру және жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру.
Балабақшадасабақ беру барысында тілдік материалды есте сақтау мақсатымен суретті символды, мнемотехника ментірек-сызбалардықолдануды көздедім. Бірден мектепке дейінгі бала әріптерді танымас бұрын суретті сызбаларды қолданып, сөздерді дыбыстап сөйлем құрастыруға машықтанады. Екіншіден, бұл әдісті ата-аналардың отбасы жағдайында қолдануға баламен бірге сөздерді жаттауға мүмкіншіліктері болады.
Мектепкі дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы.
Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.Мнемотехника — балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемокестенің мазмұны — ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема — мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:
Сөздік қорын байыту үшін
Әнгіме құруға ұйретуге
Көркем әдебиетті мазмұндауда
Жұмбақ жасыру және шешуде
Өлең жаттауда
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:
-Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
-Белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
-Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек.
Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мысалы: түлкі-тоқсары, геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш,шеңбер) аю — үлкен қоңыр шеңбер, т.б.Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.
Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз. Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады.
Әңгіме барысын,
Әңгіменің айтылу кезеңін.
Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.
Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.
Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.
Баланың тілін дамыту үшін 5-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс ай тылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы.
Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар 5-7 сөйлем құрастыру қажет.
Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді. Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді. Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады. Мектепке дейінгі мекемелердеөлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады. Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі:
-аударма жұмысын өткізу;
-тәрбиешініңсұрақтары;
-суреттер қарау;
-дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату;
Сызбалар арқылы жаттау; Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, тәрбиешіге келесі әдістерді қолдануға болады: бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу.
«Тәрбие отбасынан басталады» — демекші мемлекеттік тілді үйрету мақсатында балабақша ата — аналармен өте тығыз жұмыс жасауда пайдалануға мүмкіншілік бар.
Мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік тілді дамуына барлық жағдай жасалынуы тиісті. Балабақша, балабақша қызметкерлер туралы әңгіме құрастыру білу.Сенің атың кім? Кім? Не істеді? сұрақтарына жауап беруді білу. Ойыншықтардың атауын, түсін, пішінін айта білу.Адамның дене мүшелерін атау және таныс сөздерді сөйлемде қолдану.Сонымен қатар отбасы мүшелерін, киім, аяқ-киім атауын айта білу.Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін дамыту және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады.Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі балалар сөздін моделін, суретін, сызбасын тез қабылдайды және көпке дейін естеріне сақтайды. Сөздік қорын кеңейту, білімін жетілдіру, сөздерді байланыстыра сөйлеуде тірек суреттердің, шартты белгілердің рөлі ерекше. Мысалы « отыр» деген сөзді айтқанда қандай ассоциация келеді? Ең бірінші-орындық. Сол орындық «отыр» деген сөздің шартты белгісі болады, бала осы символды көргенде ойына осы сөз келеді.
Жай сөйлем құрастыруға мүмкіншілік тудырылады. Ата отыр. Әже отыр.
«Таза» деген сөзді тамшы, су арқылы түсіндіруге болады.
Авторлық шартты белгілер.
Мақсаты:
-Балалардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру
-Сурет, кесте, сызба түрлерін пайдалана отырып балалардың сөздік қорларын молайту.
-Сөздерді сызба – кесте арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-Қазақ тілінің төл дыбыстарын анық, түсінікті айтуға дағдыландыру
-Бейнелеу өнер сабағымен байланыстыра отырып сурет салуға үйрету. Дұрыс та сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
Аталған ойын-тапсырмалармен жаттығулар тілді дамытумен қатар барлық сезім мүшелерінің жұмысын, танымдық белсенділігін арттыра түседі. Яғни тірек кестелер мен белгілерді тез ұғынып, есте сақтап баланың өзіндік жұмыс жасауына жағдай жасайды. Байланыстырасөйлеу дағдылары шартты белгілер, суреттер, сызбалар, арқылы дамытылады. Балалардың есту, көру, ойлау қабілеттері танымдық іс-әрекеттері арқылы жетілдіреді.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан — жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.
Жанар Есенәліқызы-82 "Еркем-ай бөбекжай балабақшасының "Балапан" кіші тобының тәрбиешісі