Мектеп оқушылары нашақорлыққа қарсы флэшмобқа қатысты

2022 ж. 17 шілде

Мектеп оқушылары нашақорлыққа қарсы флэшмобқа қатысты

Мектеп оқушыларына есірткіге тәуелділіктің, нашақорлықтың зияны туралы айта бергеннің артықтығы жоқ. Мектептерде нашақорлықтың алдын алуға арналған түрлі жиындар өткізудің де өзіндік артықшылықтары көп. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық ауруханасының Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының дәрігері Айтбаева Сакенай мен психологы Сарбасова Анара бірлесіп Төлеби жалпы орта мектебінің оқушыларымен «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен тренинг, флэшмоб, сұрақ-жауап өткізді. Балалармен көңілді уақыт өткізіліп, салауатты өмірді қолдауды насихаттады.