Мектеп бітірген түлектерге бір айлық келісімшартпен жұмыс берілді
2022 ж. 11 шілде

Мектеп оқушыларын білім нәрімен сусындатудан бөлек еңбекке баулудың да берері көп. Бүгінде мектеп бітірген түлектерге арналған арнайы бағдарламалар да, жобалар да көп... "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы жеке мекемесінің ұсынысымен Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекеніндегі "Ag Niet Agro garders" ЖШС-де 20 жас, Бағжан ш/қ 20 жас, Әшір ш/қ 16 жас Айнатас елді мекеніндегі Тұрсын ата ш/қ 18 жас, Меруерт и Е 14 жас, Тұрбат елді мекеніндегі Ырыс ж/к 14 жас, жасыл аймақта келісімшарт бойынша маусым айында 62 азаматты жұмыспен қамтыса, шілде айында 40 жасты жұмыспен қамтыса, қазір осы бағдарлама негізінде 102 жас еңбек етуде. Жұмыссыз жастарға, студенттерге және мектеп бітірген түлектерге, бір айлық келісімшартпен жұмыс берілді. Бұл бағдарлама маусым, шілде,тамыз айларында жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалану және ерікті жастарға жұмыс беру болып табылады.