Маңдайша жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары бүгінде Тіл туралы заңның орындалу барысын қадағалау бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Тіл тазалығын сақтау, жарнама мәтіндерін қатесіз жазу үшін арнайы үгіт насихат жұмыстары жүргізуде. Күні кеше Түркістан қаласы бойынша жарнамалармен ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының аясында Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарынан құрылған арнайы үгіт насихат тобы бүгін облыс орталығындағы Сұлтанбек Қожанов көшесі бойындағы шаруашылық субьектілердің маңдайша жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы құрылған жұмысшы тобы бір күн ішінде ғана 40-қа жуық ілінген жарнамаларды бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша жарнама иелеріне «Тіл Туралы» Заңының талаптары түсіндірілді. Осы ретте, қаладағы ілінген жарнамалардың мәтіндеріне қөңіл бөлініп ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады.