Ұлы тұлғалардың есімі берілді
2022 ж. 6 шілде

«Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, теміржол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Реупубликасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Кентау қаласындағы атауы жоқ, идеологиялық тұрғыдан ескірген 2 мекеменің атауы өзгертілді.
Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№10 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне- аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев есімі берілсе, «Қазақстанға 30 жыл атындағы №3 көп салалы мектеп -гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі -мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтың есімімен қайта аталды.
Қазіргі таңда Әділет басқармасында қайта тіркеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Білім бесіктеріне ұлы тұлғалардың есімі берілуі жас ұрпақ үшін өте тәлімдік тәрбиелік мәні зор шара. Ұлы тұлғалардың өмір жолын оқып, соларға еліктеп, солардай болғысы келген жас өскіндердің ұтары көп.