«Латынша жаз» атты ұранмен акция өтті

2022 ж. 6 шілде

«Латынша жаз» атты ұранмен акция өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Отанымызға деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында, ауданда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Қазақ тілі даму процесінде нақты тарихи кезеңдер талабына бейімделе отырып, бірнеше ғасырларда бірқатар өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс, жаңа әліпбиді әзірлеу мерзімі және құжат айналымы мен кітап басылымын аудару қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай емес. Латын әліпбиіне көшу қажеттілігі Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары Қазақстанның қоғам қайраткерлері және лингвистика саласындағы мамандардың ұсынысымен бастама алған. Алғашқы рет қазақ тілін өзгерту тиімділігі 1992 жылы Түркияда өткен, бұрынғы КСРО аймағында тұрып жатқан түркі тілдес халықтар қатысқан Түрік Конгресінде айтылған еді. Бүгінде өзінің заманауилығын дәлелдеген латын харпіне көшу мәселесі түбегейлі қарқында түрде жүргізілуде. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу жобасы аясында «Латынша жаз» атты ұранмен аудан орталығына акцияға шықты. Акция барысында Жаңа әліпби мен емлені жұртшылыққа насихаттау мақсатында қазақ тілді латын әліпбиінде өздерінің аты-жөні мен тегін, қызықтырған сөздерін жаздыру арқылы насихат, түсіндіру, латын әліпбиінде брошуралар тарқату жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар асқан қызығушылықпен латын харпімен жазып көрді. Қазақ тілінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуі аса маңызды. Латын әліпбиі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму нұсқасы ретінде заман сұранысына сай келеді.