Латын әліпбиіне көшу - әлемдік өркениетке ілесу

2022 ж. 23 маусым

Латын әліпбиіне көшу - әлемдік өркениетке ілесу

Бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу - әлемдік өркениетке ілесу, көш ілгері даму дегенді білдірсе керек. Тілдің тазалығына, қазақ тілінің латын графикасына негізделген орфографиялық ережелерін жетілдіруге халықтың латын әліпбиіне психологиялык тұрғыдан бейімделуіне байланысты көптеген жұмыстар атқарылды. Әлі де атқарыла бермек. Тілдің қоғаммен бірге дамып, жаһанданудың жалына жармасып, ғылым қарыштап дамыған сайын шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық болып табылады. Шетелдермен экономикалық та, мәдени де аралс құралас жиілеген заманда жаңа сөздердің, кірме сөздердің көбеюі қалыпты құбылыс. Ал кірме сөздердің барлығын дер кезінде қазақы айтылымға, жазылымға икемдеп отыру оңай шаруа еместігі анық. Кез-келген көзі қарақты адам шет тілден келген сөздің де қазіргі кирилл әріптерімен өзгеше жазылып тұрғанын тез қабылдай қоймауы мүмкін. Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп отырар еді. Сондықтан латын әліпбиіне көшу заман талабы болып отыр. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспары аясында орталықтың қазақ тілі оқытушысы Досымбаева Мейрамкул Қуанышқызы ҚАЗТЕСТ бағдарламасы негізінде мемлекеттік тіл, қазақ тілі В1 орта деңгейі бойынша және мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу туралы жобасын негіздеу мақсатында курс тыңдаушыларымен, Құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне «Äuesqoılyq» «Одағайдың түрлері» тақырыбында шеберлік сабақ өтті. Тақырып аясында мәліметтер беру арқылы қызығушылығын арттыру, латын әліпбиінде жазу дағдыларын арттыру болып табылады. Түрлі методикалық әдіс-тәсілдермен өткізілген сабақ өте қызықты өтті.