Латын әліпбиінде брошуралар тарқаттты
2022 ж. 7 шілде

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу жобасы аясында маусым айының 30 күні орталық оқытушылары «Қазақша оқып, латын әліпбиінде жаз!» атты ұранмен аудан орталығына акцияға шықты. Орталық мамандары аталмыш бағыттағы акцияларды ұдайы өткізіп тұрады. Акция барысында Жаңа әліпби мен емлені жұртшылыққа насихаттау мақсатында қазақ тілді латын әліпбиінде өздерінің аты-жөні мен тегін жаздыру арқылы насихаттады. Көпшілік жаңа әліпбиде ата тегінің жазылу үлгісін өздері жазып байқады. Әрі қызығушылықпен аталған акцияға белсене қатысты. Жаңашылдықты жақсы ықыласпен қолдайтындықтарын жеткізді. Латын харпімен жазудың түк те қиындығы жоқ екендігін тілге тиек етті. Орталық мамандары бұдан өзге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, латын әліпбиінде брошуралар тарқаттты. Алдағы уақытта орталық мамандары латын әліпбиін насихаттау мақсатында бұдан да өзге ауқымды жұмыстарды жалғастыра бермек.