Латын әліпбиін қолдауға шақырды

2022 ж. 28 маусым

Латын әліпбиін қолдауға шақырды

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Қазақ халқының алға дамуына, көштен қалмай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосары ақиқат. Латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылатынымыз айдан анық. Сол арқылы тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақтылап, артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне ертерек көшу болашақ үшін өте әділ шешім болмақ. Қазіргі әліпбиімізді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымыз өте көп. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына даңғыл жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді кеңістік ашылады. Түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек деп отырған шақта бұл өте оңды шешім болмақ. Одан бөлек тағы бір маңызды мәселе әрі ең басты мәселе десе де болады ол тіл тазалығы сақтап қалу. Қазіргі қолданыста жүрген жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Бұдан бөлек те тиімді тұстары өте көп. Соңғы әлетте латын әліпбиіне көшу мәселесін насихаттау қарқынды түрде жүргізілуде. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу жобасы аясында маусым айы бойы орталық оқытушылары «Латын әліпбиін қолдауға шақырамыз!» атты ұранмен аудан орталығына акцияға шықты. Акция барысында жаңа әліпби мен емлені жұртшылыққа насихаттау мақсатында брошуралар тарқату жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасын табатын болады.