«Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты ақпараттық сағат өтілді

2022 ж. 6 шілде

«Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты ақпараттық сағат өтілді

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»КММ-нің қазақ тілі оқытушысы Сағынтаева Жанар Қайратқызы №15 колледж МКҚК-ның студент жастары арасында «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ- ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫ» атты ақпараттық сағат өткізіп, жетілдірілген латыннегізді қазақ әліпбиінің үлгісімен таныстырды.

Ақпараттық сағат өтудегі басты мақсат- латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Бір дыбыс - бір әріп ұстанымына сәйкес әзірленген әліпби студент жастардың көңілінен шығып, қызығушылықпен өз көзқарастарын білдірді.

Біз латын әліпбиіне көше отырып, ағылшын тіліне жақындаймыз. Ал, ол арқылы өркениетті елдердің озық технологияларына бойлай аламыз. Тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталуына сай емес, қолданыстағы кірме сөздерден арыламыз. Жалпы, латын әліпбиіне көшу болашақ үшін өте маңызды қадам болмақ. Өйткені, осы замандағы жас ұрпақтың алдында үш тілді үйрену міндеті тұр. Бұл дегеніңіз жаңа заман жастарында орасан мүмкіндіктер бар деген сөз. Сондықтан, қазір жастарға қойылатын талап та жеңіл емес. Десек те, өмірдің жаңа жетістіктерін бірден қабылдайтын олар әлемдік кеңістікте болып жатқан өзгерістерді еркін және тез меңгере алады. Өйткені, қазірдің өзінде ұялы телефон, компьютер, интернетпен жұмыс істегенде латын алфавиті кеңінен қолданылып жүрген жоқ па?! Сондықтан, әліпбиіміздің латын графикасына көшіру мәселесі өте орынды және өзекті болып отырғанын мойындауымыз керек.