Лагерьде оқушылар қызықты ойындар өткізді
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Жаңа-ұйым жалпы орта білім беретін мектебінде құрылған мектепішілік "Алуа"лагері өз жұмысын қызықты қарқынды түрде өткізіп жатыр."Балдәурен","Балауса"тобымен бірге "Ұйқасын тап ойыны"ойнатылды. Әрине оқушылар үшін қызықты кезеңдері де болды. Әр өлең жолдарының тармақтарын ұйқастырып, жатқа оқу шеберлігімен өткізілді.Топтағы 40 бала қырық түрлі ой пікір қалыптастыра білді. Бұдан кейін "Алуа" лагерь құрамының ұйымдастырылуымен ауқымды қазақ халқының ұлттық ойындары жарысы өтілді. Атап айтсақ бес асық ойыны, арқан тартыс. Және де қыздар арасында қазақша билері орындалды. Қазақи нақыштағы киімдеріміз өте әдемі көрініс тапты. Лагерь оқушылары бүгінгі күнге жақсы дайындықпен келген. Жақсы нәтиже көрсете білді. Жақсы өнер көрсеткен оқушылар марапатталды.