"Қыздың ары - ұлттың ары" атты тренинг өтті
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысына қарасты кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психолог маманы Ш.Кудусованың ұйымдастыруымен ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу , өздерінің күшті және әлсіз тұстарын біліп , кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйрену , әдептілік сынды жақсы қасиеттерін дамыту мақсатында колледж қыздар арасында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингке Кентау қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Айнұр Жұбай қатысты. Кездесудің соңы қызықты тренингтермен аяқталды.