«Көшпенділер ойыны» атты спорттық сайыс өткізілді
2022 ж. 14 шілде

Мектепте тек білім беріп қана қоймай, оқушылардың жан жақты дамуы үшін спорттық сайыстарда да мықты болуына үлес қосады. Ол үшін оқуышларды ең алдымен ұлттық ойындарды мәселен, асық ату сынды қарапайым ойын түрлерінен де бастаса болады. Оқушылар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын дәріптеу, туған жерге өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ұлттық ойындардың мәнін жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу мақсатында Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және Арыс қаласының «Ұлттық және жекпе-жек түрлері аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, жастар арасында «Көшпенділер ойыны» атты спорттық сайыс өткізілді. Аталған спорттық сайысқа қала жастарынан 6 команда өнер көрсетіп өз бақтарын сынады. Командалар жарысқа 5 түрінен яғни жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ,арқан тартыс және асық ату секілді спорт түрлерінен өнер көрсете отырып 6 топтың соның ішінде 3 команда үздік өнер көрсетіп нәтижесінде: І орын - «Барыс», ІІ орын - «Жалын», ІІІ орын - «Сұңқар» топтары арнайы алғыс хатпен марапатталып, жүлделі сыйлықтар үлестірілді.