Көшпелі тәжірибелі сабақ өткізілді

2022 ж. 17 шілде

Көшпелі тәжірибелі сабақ өткізілді

2022 жылы 20.06-01.07 аралығында «Өрлеу» БАҰО» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының қйымдастыруымен «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өткізілді.

Курс барысында тыңдаушылардың курстарда алған білімдері мен дағдыларының белгілі бір көлемін бекіту және кеңейту мақсатында М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп базасында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Аталған мектептің әлеуметтік педагогы Әпен Тоғжан Қайратқызы курс тыңдаушыларын отбасын әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру, балалардың қауіпсіз және жайлы өмірін ұйымдастыру бойынша әдістер мен формаларымен, өмірлік қиын жағдайдағы балалармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және әлеуметтік педагогтің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі қызметімен, әлеуметтік педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігінің критерийлері және есеп беру формаларымен, отбасын әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау әдістемесімен таныстырды.

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушылары Тугелбаева Э.Б., Егенова Н.А.