Кәсіпкерлік нысандарды аралау жұмыстарын жүргізді
2022 ж. 6 шілде

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6 – бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу – басқарманың негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы жарнама жасау, тарату, оларды орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңымен реттеледі. Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу және оларға тыйым салу болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылатындықтан, жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс.
Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының әкімі Р.Аюповтың тапсырмасына сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары Б.Момышұлы, И.Панфилов көшелеріндегі кәсіпкерлік нысандарды аралау жұмыстарын жүргізді.
Заң талаптарына сай келмейтін, грамматикалық қателіктерге жол беріп отырған кәсіпкерлік нысан иелеріне маңдайша және жарнама жазуларын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендірулерін, сыры кеткен, әріптері түсіп қалған жарнама мәтіндерін қайта жаңарту керектігі туралы түсіндірілді.