Кәсіби шеберлік чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
2022 ж. 16 шілде

2021-2022 оқу жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жыл 31 мамыр–3 маусым күндері аралығында облыстағы 14 колледждің базасында «Worldskills Turkіstan – 2022» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Чемпионатқа Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінен «Визуалды мерчандайзинг», «Графикалық дизайн», «Кірпіш қалау», «Сырлау және әрлеу жұмыстары», «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Желілік және жүйелік әкімшілік», «Дәнекерлеу технологиялары», «Шанақ жұмыстары», «Тоңазытқыш жөндеу», «Ағаш шебері», «Жиhаз өндірісі», «Интерьер дизайні», "Автокран машинисі" құзыреттіліктері бойынша студенттер қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Колледж студенттері мен арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері 14 құзыреттілік бойынша 5 алтын, 2 күміс, 2 қола, 1 "Үздік кәсіп иесі" ерекше медальонмен марапатталып, облыстық чемпионатты нәтижелі көрсеткішпен аяқтады. Аталған чемпионатта жоғары көрсеткішке ие болған колледждің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне, атап айтқанда: Г.Мамырова, Д.Рсдаулетов, Е.Лунина, Р.Дюсебаев, Е.Турнияз, Б.Нурлыбаева, М.Кинатов, Р.Туреханов, М.Сапаров, Н.Рахымбаев, И.Юлдашев, А.Саттарханов, колледждің сенімгерлікке берілген «DALA CONSTRUCTION.KZ» компаниясы тарапынан 700 000 теңге көлемінде сыйақы берілді. Колледждің сенімгерлік «DALA CONSTRUCTION.KZ» компаниясына алғыс білдіреміз және әріптестерімізге жақсы жаңалықтар мен шығармашылық шабыт, берекелі бейбіт күн мен мол игіліктер тілейміз!