Құрылысшы - құрметті мамандық
2022 ж. 16 шілде

Қазақстан экономикасының қозғаушы күштерінің бірінен cаналатын құрылыс саласындағы жоғары сұранысқа ие құрылыс шебері мамандығын таңдаушылар бүгінде өте көп.Түркістанды түрлендіріп, жаңа келбетін қалыптастырушы – құрылысшылар. Яғни, көне қаланың жанынан жаңа ғимараттар салып, тарихқа өз қолтаңбасын қалдырып жатыр. Аз уақыт ішінде адам танымастай өзгерген Түркістанның басты себепкерлері де осы мамандық иелері екені даусыз. Қалаға көрік беріп, туристтерді тәнті етіп отырған ғимараттар саны күн санап артуда. Бұл мамандық бүкіл облысымыз үшін де сұранысқа ие. Түсіндіре кететін болсақ, құрылысшы-шебер деген атау жалпылама түсінік. Өйткені бұл мамандықтың өзі бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы, тұрғын үйді тұрғызып шығу үшін бір ғана сәулетші мен инженер-құрылысшы жеткіліксіз. Тағы да қосымша мамандар қажет. Олар құрғақ құрылысшы-шебер мамандығынан тарайтын түрлі біліктілік иелері бола алады.Мысалы Үй жиһаздарын жасау,ішкі еврожөндеу жұмыстары,ағаш ұстасы т,б. Бұл мамандықты алып шықсаңыз кез келген компания жұмысқа алады және оған қанша қаржы болса да төлеуге әзір. Бүгінде Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы №12 колледжде құрылысшы мамандығын таңдап, оқуға өтініш білдіргендердің қарасы қалың.