Көптеген сұрақтарға тұшымды жауаптар алды
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбайдың 2022 жылға арналған өрт қауіпті маусымында дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Басқарманың 2022 жылға арналған «2022-2023 оқу жылдарындағы жылу беру маусымына білім беру ұйымдарын дайындау» барысы туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып төтенше жағдайлар (өрттер) туындаған кезде, оқу-тәрбиелік процесі шеңберінде білім беру мен мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілері мен білім алушыларының тиісті іс-қимылдарға дайындық мәселелері бойынша Төлеби ауданының Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебі базасында Төлеби және Түлкібас аудандарының мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары, меңгерушілері және олардың шаруашылық ісі жөніндері орынбасарларының қатысумен оқыту-семинары өтті.
Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, төтенше жағдайларға байланысты көптеген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Жыл сайын төтенше жағдайлар бойынша әр түрлі тақырыпта семинар өткізілсе деген ұсыныс айтылды.