Қорытынды емтихандарын демонстрациялық форматта өткізуде
2022 ж. 11 шілде

Түркістан облысында қызмет ететін 25 мемлекеттік колледждердің барлығы қорытынды бітіруші емтихандарын демонстрациялық форматта өткізуде. Яғни қорытынды мемлекеттік емтихандар билетпен, ауызша/жазбаша не тест түрінде емес, әр болашақ маман иесі өз құзіретін нақты бір жоба жасау арқылы көрсетіп, дәлелдейді. Бұл емтихандарға жұмыс беруші тарап сарапшы ретінде қатысып, өз бағасын береді. Жұмыс берушілер бітіруші балалардың нақты жұмысын көріп, біліктілігі мен ынта жігерін ұнатса, өздеріне жұмысқа шақырады деген сенім мол.Жалпы биыл 14 мыңнан аса бала колледждерді бітіреді. Иқан елді мекеніндегі Кәсіптік оқудағы көп салалы колледж студенттерінің демонстрациялық емтихандары жоғары деңгейде өтті. Болашақ мамандар теория мен тәжірибені ұштастыра отырып білімдерін шыңдады. Әрі қорытынды емтиханды да ойдағыдай тапсырды.