Қорытынды аттестацияның тәуелсіз бағалау форматында емтихан өткізілді

2022 ж. 17 шілде

Қорытынды аттестацияның тәуелсіз бағалау форматында емтихан өткізілді

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық колледжінде «Дәнекерлеу ісі" мамандығы, "Электр газымен дәнекерлеуші маманы" біліктілігі бойынша Worldskills стандарты ережесін басшылыққа ала отырып экспериментальді түрде қорытынды аттестацияның тәуелсіз бағалау форматында демонстрациялық емтихан өткізілді. Демонстрациялық емтиханның өткізілуіне колледж директоры Т.Ерімбет бітіруші шәкірттерге жағдай жасап, қолдау көрсетті. "Электр газымен дәнекерлеуші маманы" біліктілігі бойынша демонстрациялық емтиханының ұйымдастырушы эксперті Ж.Ақтөре қатысушылардың жұмыс істеу алаңы, сарапшылар тобының жұмыс орынын бөлу, ТҚ ережесінің инструктажын хаттамалау жұмыстарына басшылық етті. Қатысушыларды А-модулі және В-модулі бойынша сараптауға Н Ордабаев техникалық сарапшы Қ Айдапкелов бас сарапшы Е Тоғайбек сарапшы,колледж әлеуметтік серіктестіктерінен, атап айтқанда, «Оспанов Д» ЖК төрағасы сарапшылық етті. "Сапарбеков А." ӨК басшысы сарапшылар болып шәкірттердің жұмысын Worldskills талаптары негізінде CIS бағалау жүйесі арқылы бағалады.