Колледж бен лицей бірлесе жұмыс атқарады

2022 ж. 17 шілде

Колледж бен лицей бірлесе жұмыс атқарады

Түркістан облысына қарасты кентау қаласындағы Қазақ-Неміс политехникалық колледжі - өзінің басты мақсаты деп жоғары кәсіби және жан –жақты дамыған маман даярлау деп есептейді. Колледж Қазақстанның, Ресейдің жоғарғы оқу орындарымен тығыз-қарым қатынас орнатқан. Колледждің бірқатар студенттері Омск, Кемеровск, Запорожскідегі жоғарғы оқу орындарын оқуын жалғастырып келеді. Келесі кезекте алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған дұрыс деп шешім қабылдап, Кентау қаласында орналасқан дарынды балалар дайындайтын, оқушылары жыл сайын халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алып отыратын №3 облыстық «Білім-инновация» ер балалар лицей – интернаты (бұрынғы Қазақ-Түрік ерлер лицейі) оқу орнымен тығыз қарым-қатынас күшейту қолға алынған. Бекітілген жоспар аясында, БИЛ және колледж ұстаздары тәжірибие алмасады, оқушылар мен студенттер арасында достық қарым-қатынас орнатылып, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіледі.

Колледждің құрылтайшысы- Кентау трансформатор зауыты, Отандық «Alageum Electric» компаниясы туралы бейнефильмдер көрсетіліп, колледжде жаңадан ашылған робототехника, электроэнергетика, автоматика, мехатроника лабораториялары таныстырылды.