Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан студенттер марапатталды

2022 ж. 17 шілде

Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан студенттер марапатталды

Түркістан облысына қарасты Кентау колледжінде 2021-2022 оқу жылының бітіруші түлектер диплом беру рәсімі өтті. Колледж директоры К.А. Жұмабаева «Жас бітіруші түлектерге» осынау салтанатты сәтпен құттықтап, ата - аналарды «Алғыс хат» пен, түлектерді оқуды үздік аяқтап, оқу орнымыздың қоғамдық өміріне белсене араласқан, болашақ маман диплом иегерлерін арнайы Мақтау қағаздарымен марапаттады. Тәуелсіз Қазақстанның жас патриот азаматы ретінде еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін барлық мақсаттарын жүзеге асыру жолында, алған білімі мен тәжірибесі арқылы аянбай еңбек етіп, білікті маман болады деген сеніміміз мол. Сондай ақ, Кентау колледжінің 2021-2022 оқу жылында жыл бойында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, үздік білім көрсеткен, белсенді түлектерді ынталандыру мақсатында Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік колледж бітірушілер кеші» өтті. Колледж белсенді студенттері арнайы мекеме басшының Алғыс хатымен марапатталды. Тәуелсіз еліміздің көркеюі жолында аянбай еңбек етеді деген сенім мол.