Қобызшылар жүлделі орынға ие болды

2022 ж. 30 шілде

Қобызшылар жүлделі орынға ие болды

Балалар жылы аясында Қырғызстанда халықаралық “Zhuldyz art kazakhstan” байқауы болып өтті. Аталмыш байқауға әлемнің түкпір түкпірінен талантты оқушылар қатысты. Қолайлы шығармашылық атмосфера құру; Өнер арқылы қатысушылардың рухани, интеллектуалдық және мәдени мүмкіндіктерін ашу; Ұлттық мәдениеттерді сақтау және дамыту; Әртүрлі қалалардың қатысушылары арасындағы жан-жақты шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайту; Шығармашылық ұжым жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда Түркістан қаласы, Адами әлеуетті дамыту бөлімі «Ақжайық» музыка мектебінің оқушылары, «Көзайым» қобызшылар ансамблі, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі Оспанғалиева Жансая қыздарына бағыт - бағдар беріп, жүлделі орын алуына өз үлесін қосты. Оқушыларымыздың қадамдары нық, алға қойған мақсаттарына жететіні сөзсіз. Өйткені ұстазы мықтының ұстанымы мықты дегендей, майталман мамандардан тәлім алған оқушылар болашақта биіктерден көрінері сөзсіз.