Күнтізбелік – тақырыптық жоспар әзірленді

2022 ж. 14 шілде

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар әзірленді

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық Тілдер орталығы «Төлеби Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінен қазақ тілінен БАЗАЛЫҚ (А2) деңгейі бойынша топ құрамы ашылып, күнтізбелік – тақырыптық жоспар әзірленді. Курсқа әсіресе өзге ұлт өкілдері көптеп қатысты. Қазақ тілінің түрлі сөйлемдер құрап, қызықты өтуіне атсалысты. Мемлекеттік тілді толық меңгеріп шыққанша курсты тәмәмдаймыз деп отыр қатысушылар. Ал қызметкерлермен алғашқы сабақ 12 шілде күні «Отбасы» тақырыбымен «Фонетика. Дауысты дыбыстар» грамматикалық тақырыбы бойынша жүргізілді. Сабақта әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, қызықты ойын түрлері және де тыңдалым, айтылым бөлімдері қамтылды.