«Кітап сыйла» акциясы болып өтті

2022 ж. 4 шілде

«Кітап сыйла» акциясы болып өтті

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен, зиялы қауым өкілдері мен журналистер, кітапсүйер оқырмандар және департамент қызметкерлері қатысқан тұңғыш рет «Кітап сыйла» акциясы болып өтті.

Акцияның негізгі мақсаты - оқу мәдениетін дамыту және қолдау, халық арасында үздік көркем әдеби шығармаларын кеңінен тарату, оқитын азаматтар санын көбейту, оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ және шетел жазушыларының үздік шығармаларын насихаттау.

“Кітап айналымы” бұрышына сыйға берілген кітаптар кезең-кезеңімен, департамент пен Жанат Сәдібекқызы басқарып отырған Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты “Фараб” кітапханасының арасындағы келісімге сәйкес, кітапхана қорына өткізіліп отыратын болады.

Акцияның алғашқы қонағы ретінде, белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі ағамыз шақырылды.

Одан бөлек, акцияға құрметті қонақ ретінде Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Бейсен Тәжібаев, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Зиябек, «Turkistan» телеарнасының басқарушы директоры Тельман Бейсен, «Қазақ» радиосының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек, «Уақыт» газетінің құрылтайшысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабай, журналист Төребек Байтасов, «Фараб» кітапханасы директорының орынбасары Жанар Жақсылыққызы, Сидней Олимпиадасының чемпионы, Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Саттарханова, тарих ғылымының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын, дінтанушы, философия ғылымдарының докторы Зікірия Жандарбек, айтыскер ақын, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков, журналист-блогер Қаламқас Ботабекова, педагог, Өзбекәлі Жәнібековтың жиені Қырмызы Көлбайқызы, ардагер ұстаз, Түркістан қаласының құрметті азаматы Дана Орманова қатысты.

Акция барысында Қалдыбек Құрманәлі 55 кітап оның ішінде көптомды Фараби кітабын сыйға тартты.