Кітап көрмесін ұйымдастырды
2022 ж. 14 шілде

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай Түркістан облысына қарасты Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Бірлік ауылдық клуб үйінде балалар шығармашылығына арналған «Ақ көгершін» атты ҮІ облыстық әншілер конкурсы өтті.
Шара барысында Бірлік ауылдық кітапханасы "Көгінде ән қалықтаған» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты - оқушылардың ұлттық мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, туған тілін құрметтеуге баулу болып табылады. Оқушылар мемлекеттік тіл туралы түрлі өлеңдер оқыды.