Кезекті түсіндірме-насихат жұмыстары жүргізілді
2022 ж. 6 шілде

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қоғамдық орындардағы жарнама тілін түзеудің үлкен әсері бар. Ол үшін Қазақстан Республикасында Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, өзара тәжірибе алмаса отырып, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тіл сауаттылығын қадағалау және реттеу, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімдеуге әдістемелік көмек көрсету керек. Шындығында алдымен көпшіліктің назарына көрнекі ақпараттар тіліндегі түрлі қателер, сауатсыз, олақ аудармалар, тілдік кемшіліктер түседі. Олардың қоғамдық санаға айтарлықтай әсер ететінін ескерсек, оның тілі де, сауаттылығы да, заңнама талаптарына сай ресімделуі де маңызды екенін аңғарамыз.
Көрнекі ақпарат құралдары мен жарнамалардағы тіл сауаттылығын қадағалау және реттеу, оларды заң талаптарына сәйкестендірілуі бойынша Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы мемлекеттік мекемелерге кезекті түсіндірме-насихат жұмыстары жүргізілді.
Мекемелердің кейбірінде заңдылықтар сақталса, кейбірінде құжаттар тек орыс тілінде рәсімделген. Жұмыс барысында заңсыз ілініп тұрған көрнекі ақпарат құралдарына дер кезінде түзетулер енгізіліп, мекеме басшыларына ескерту айтылды.