Керуен шерудің қатысушылары марапатталды

2022 ж. 29 маусым

Керуен шерудің қатысушылары марапатталды

Білім нәрімен сусындаған шәкірттер жазғы демалысты керемет өткізуде. Пәндік қосымша сабақтардан бөлек оқушының таным көкжиегін кеңейтетін экскурсияларға шығып, туған өлке тарихымен танысуда. Биыл "Балалар жылы" аясында Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы «Облыс тарихы» атты керуен-шеру ұйымдастырған болатын. Аталмыш шара барысында оқушылар өңіріміздегі тарихи орындармен киелі жерлермен танысып, саяхат жасады. Созақ ауданындағы, Бәйдібек ауданындағы киелі орындармен танысып қайтқан балалардың алған әсері ерекше. Облыс бойынша өткізілген байқау шараның қортынды кезеңі де келіп жетті. Балалр өз көрген, білгендерін сурет салу, сөзжұмбақ құрастыру, сұрақ-жауап шеруден алған әсерлерін қағаз беттеріне түсіріп, шеберліктерін көрсетті. Таулы, тасты аймақтарды, әулиелі жерлерді қағаз беттерінде сөйлеткен балалардың алған әсерін қандай екенін осыдан ақ білуге болатындай. Табиғаты әсем аймақтарды тірілей суреттеген оқушылар.Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар І ,ІІ, ІІІ жүлделі орындармен марапатталып, оған қоса қаржылай сыйақының сертификаты табыс етілді. Басқа қатысқан оқушыларға да сертификаттар табыс етілді. Жетекші болып келген ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды. Марапттау рәсімінде сөз алған оқушылар мұндай шаралардың өте жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалайтындықтарын жеткізді.