Келестік оқушылар "Облыс тарихы” атты керуен шерудегі белсенділігі үшін марапатталды

2022 ж. 16 шілде

Келестік оқушылар "Облыс тарихы” атты керуен шерудегі белсенділігі үшін марапатталды

Бұған дейін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы «Облыс тарихы» атты керуен-шеру ұйымдастырған болатын. 2022 жыл - Балалар жылы аясында өткен шеруге Келестік 10 оқушы қатысты. Шарада жоғары білім деңгейін көрсеткені үшін 1-орынға ие болған 1 оқушы 50,000 теңге, 2-орынға ие болған 2 оқушы 30,000 теңгеден, белсенділік танытқаны үшін 7 оқушы 10,000 теңгеден қаржылай марапат және сертификаттарға ие болды.

Шәкірттерімізді осындай жетістіктерімен алдағы уақытта да қуанта береді деген сенім мол.